Басты бет

Мектеп тарихы

Мектеп әкімшілігі

Мектеп ұстаздарының тізімі

Мектеп қызметкерлерінің тізімі

Мектеп жетістіктері

Жылдық жоспарлар

Оқу жұмысы

БАҚ-қа жарияланған материалдар

Ашық сабақтар

Тәрбие сағаттары 

Сыныптан тыс жұмыстар

Оқушылар жайлы мәлімет

Жетім, жартылай жетім оқушылар жайлы мәлімет

Оқушылардың жұмысы

Фотомұрағат

Материалдық база

 


Оқу жұмысы

Келешек ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырып, бәсекелестікке қабілетті біліммен қаруландыру – бүгінгі күннің басты талабы.

Н. Назарбаев.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ауыл мектебі мұғалімдерінің шығармашылық бастамаларын дамыту.

Мақсаты: «ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын» басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізу. «ҚР Білім туралы», «ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» басшылыққа ала отырып жұмысты жүйелі ұйымдастыру.

Міндеті:

1.Білім беру мазмұнын жаңарту арқылы оқу – тәрбие үрдісінің деңгейін арттыру.

2. Мектептегі педагогикалық ұжым қызметінің сапасын арттыру.

3. Мұғалімдермен бірлесе отырып берілген білімнің талапқа сай болуын қамтамасыз ету.

Оқушылар контигенті :

2008-2009 оқу жылында - 602 оқушы, оның 313 қыз, 289 ұл.

2009-2010 оқу жылында - 581 оқушы, оның 371 қыз, 310 ұл.МДТ - 60 бала.

Жалпы 641 бала оқиды.

Оқушыларға жан-жақты білім беру мен ақпараттық комуникативтік жүйемен қамтамасыз етуде бір компьютер кабинетімен 4 интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген кабинет жұмыс жасайды. Мектеп 1963 жылы 330 оқушыға арналып салынғандықтан, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмай отыр. Соған қарамастан 89 оқушы бір мезгіл құнарлы тамкпен қамтылып отыр. Сонымен қатар биылғы оқу жылында 140 оқушыға – 237 мыңның қыстық киімдері берілді. Мектеп ұжымында бүгінгі таңда 94 мұғалім еңбек етеді. Олардың 90 жоғары білімді, 4 арнаулы орта. 2 мұғалім ҚР білім беру ісінің үздігі болса, 34 мұғалім І санатты, 25-і ІІ санатты мұғалімдер.

Мектеп бітірген түлектер жайлы мәлімет.

2008-2009 оқу жылында 34 түлек мектеп бітірді. Олардың 21-і ҰБТ-ға қатысты, 13-і мемлекеттік емтихан тапсырды. ҰБТ-дан орташа балл – 64 болды. Жоғары балл жинаған оқушылар: Әбсаттарова Мөлдір -89, Қитанбаева Л -87, Абызбаева Л -77, Тұрғанбайқызы И – 73, Бапахова Л – 73.Бітіруші түлектердің 15-і колледждерге, 7-еуі университеттерде өз білімін жалғастыруда. Олардың 10-ы бюджет есебінен, 12-сі ақылы негізде оқуда.

Игілікті игі істер

Биылғы оқу жылында «Бірінші рет бірінші сыныпқа» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Оған барлығы 39400 теңге жиналды. «Ынгтымақ» ЖШС төрағасы А. Тұрманұлы - 5000 теңге, Ауыл автобус бригадасы – 5000 теңге, Мектеп мұғалімдері – 8400 теңге, «Ынтымақ» ЖШС –гі 20500 теңге жиналды. Жиналған 39400 теңгеге 1 сыныпқа қабылданған 43 балаға оқу құралдары, МДТ тобына ойыншықтар мен спорт құралдары, тұрмысы төмен отбасыларына мектеп формасы берілді. Сонымен қатар биылғы мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары мектептің 12 компьютеріне «Талапкер» тест орталығының тестін енгізуге 24000 теңге жинады. Онда 10 пән бойынша әр пәннен 100 варианттан тест тапсырмалары бар.

 



 

№ 148 қазақ орта мектебі - Жаңа мектеп

 

Білім беру ұйымының толық пошталық, электрондық мекен-жайы, байланыс телефондары:Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылы, 8 (72432) 36-1-42 school148@mail.ru

 

Сайт управляется системой uCoz