Басты бет

Мектеп тарихы

Мектеп әкімшілігі

Мектеп ұстаздарының тізімі

Мектеп қызметкерлерінің тізімі

Мектеп жетістіктері

Жылдық жоспарлар

Оқу жұмысы

БАҚ-қа жарияланған материалдар

Ашық сабақтар

Тәрбие сағаттары 

Сыныптан тыс жұмыстар

Оқушылар жайлы мәлімет

Жетім, жартылай жетім оқушылар жайлы мәлімет

Оқушылардың жұмысы

Фотомұрағат

Материалдық база

 


Мектеп тарихы

Қызылорда  облысы, Шиелі  ауданы  Бидайкөл  ауылындағы   № 148  қазақ  орта  мектебінің  2008 жылы қазан  айынан бүгінгі  таңға  дейінгі  мектеп  директоры   Байжанова  Шолпан  Аяпбергенқызы
Қызылорда  облысы, Шиелі  ауданы  Бидайкөл  ауылындағы  1965 жылы  салынған 320 орындық № 148  қазақ  орта  мектебі

Мектеп- жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптасыратын шеберхана  Білім ордасының тарихына үңілсек, мектептің іргетасы 1905 жылы жеке үй бөлмесінде 4 – сыныптық бастауыш мектеп болып екі кезеңде жұмыс жасады, мектеп директоры қызметін М:Г:Давыдов атқарды. 1910-1912 жылы мектеп кеңейтіліп 5-7 сыныптары ашылды, директоры И:И:Червяков болды деген деректер бар.  1922 жылы Шиелі қыстағы  ( бұрынғы  Скоболев    болысы) қазіргі  «Бидайкөл» ауылындағы    екі   кластық    сауат   ашу   мектебі    болып,Айтпай   деген   кісінің     үйінде    қаланғанын ,бұл    мектебтің    негізін    Мырзахметов   Мүсілім ,Ерназаров    Әлібектер    салған.

 
Қазақ   АССР-нің    Орталық   Атқару   Комитеті  мен   халық   коммисиарлар    Советі   партиясының    бастауыш   білім   туралы     директивасына   сәйкес  1930 жылы    27тамызда  «Жалпыға  бірдей   міндетті   бастауыш  білім беру  туралы » қаулысына орай  1930-31оқу  жылынан  бастап  мектеп  4класстық  бастауыш мектепке айналды.
 
Бастауыш  мектептің    меңгерушісі  болып    Құлымбетов   Камал       болмағандықтан   1925-30  жылдар    аралығында   Айтбай   деген  кісінің    сарайы     мектепке   пайдаланылған.
 
1938-40 жылдар «Гигант» орта мектебі деп алынып 1-10 сыныптар болған негізінен көп ұлт өкілдері оқыған. Директоры Хе. Черух
және мектеп басшысы қызметін  Ни  Алексей Николаевич атқарған. 1946 жылғы Шиелі аудандық білім бөлімінің №129 бұйрығына сәйкес 7 жылдық Гигант мектебінің директоры Нам Ен-Хак босатылып, Авангард мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ли Дя Ина тағайындалған. 1950 ж. 1 Мамыр поселкесімен ескі «Гигант» қосылып екі мектеп жұмыс жасағанДиректоры М.Е.Шейко . 1955ж. Мектеп шіркеу үйіне орналастырылған. Мектеп директоры К.В.Дигай. Мектеп 1958 жылы  8 жылдық болып, шіркеу үйіне көшірілді де директоры болып Мәлібеков Бердіқұл қызымет атқарды. 1961-1975 ж.ж. Ахметов Әбділда басқарған 8 жылдық мектеп 1965 жылы 320 балаға шақталып салынып, №148 қазақ орта мектебі болып белгіленген.. 5-10 сынып оқушылары сыймағандықтан 1-4 сыныптары  ескі  аурухана ғимаратында бөлек 1986 жылға дейін оқыды. 1975-1985ж директоры Бошайбеков Патшабек.  1985-1986ж Тасболатов Кеңес, 1987-1994 ж.ж. Мизамбаев Бақытжан. Мектеп 1994-1995оқу жылынан 11 жылдық білім беруде .1994-2007ж директоры Қадірқұл Шолпан. 2007ж. Үркімбаев Шерәлі, 2007-2008ж Көпешбай Мұрат, 2008 ж. қазан айынан бүгінгі таңға дейін Байжанова Шолпан. Мектеп өте ескі , 640 оқушы  үш аусымда оқиды. Ұжымда 112  мұғалім қызмет атқарады, олардың 35-і І санат, 29-ы ІІ санат және 48-і әр түрлі разрядтағылар.
 

№ 148 қазақ орта мектебі - Жаңа мектеп

 

Білім беру ұйымының толық пошталық, электрондық мекен-жайы, байланыс телефондары:Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылы, 8 (72432) 36-1-42 school148@mail.ru

 

Сайт управляется системой uCoz