Мектеп тарихы
|
|
|
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Бидайкөл ауылындағы № 148 қазақ орта мектебінің 2008 жылы
қазан айынан бүгінгі таңға дейінгі мектеп директоры Байжанова Шолпан Аяпбергенқызы
|
|
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Бидайкөл ауылындағы 1965 жылы салынған 320 орындық № 148 қазақ орта мектебі |
Мектеп-
жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптасыратын шеберхана Білім ордасының тарихына
үңілсек, мектептің іргетасы 1905 жылы жеке үй
бөлмесінде 4 – сыныптық бастауыш мектеп болып екі кезеңде
жұмыс жасады, мектеп директоры қызметін М:Г:Давыдов атқарды. 1910-1912 жылы мектеп кеңейтіліп 5-7 сыныптары ашылды, директоры
И:И:Червяков болды деген деректер бар. 1922 жылы Шиелі қыстағы ( бұрынғы Скоболев болысы) қазіргі «Бидайкөл» ауылындағы екі кластық сауат ашу мектебі болып,Айтпай деген кісінің үйінде қаланғанын ,бұл мектебтің негізін Мырзахметов Мүсілім ,Ерназаров Әлібектер салған.
Қазақ АССР-нің Орталық Атқару Комитеті мен халық коммисиарлар Советі партиясының бастауыш білім туралы директивасына сәйкес 1930 жылы 27тамызда «Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру туралы » қаулысына орай 1930-31оқу жылынан бастап мектеп 4класстық бастауыш мектепке айналды.
Бастауыш мектептің меңгерушісі болып Құлымбетов Камал болмағандықтан 1925-30 жылдар аралығында Айтбай деген кісінің сарайы мектепке пайдаланылған.
1938-40 жылдар «Гигант» орта мектебі деп алынып 1-10 сыныптар болған негізінен көп ұлт өкілдері оқыған.
Директоры Хе. Черух
және мектеп басшысы қызметін Ни Алексей Николаевич атқарған. 1946 жылғы Шиелі аудандық білім бөлімінің №129
бұйрығына сәйкес 7 жылдық Гигант мектебінің
директоры Нам Ен-Хак босатылып, Авангард мектебінің тарих
пәнінің мұғалімі Ли Дя Ина
тағайындалған. 1950 ж. 1 Мамыр поселкесімен ескі «Гигант»
қосылып екі мектеп жұмыс жасағанДиректоры М.Е.Шейко . 1955ж. Мектеп шіркеу үйіне орналастырылған. Мектеп директоры К.В.Дигай. Мектеп 1958 жылы 8 жылдық болып, шіркеу
үйіне көшірілді де директоры болып Мәлібеков Бердіқұл қызымет атқарды. 1961-1975 ж.ж. Ахметов
Әбділда басқарған 8 жылдық мектеп 1965 жылы 320
балаға шақталып салынып, №148 қазақ орта мектебі болып
белгіленген.. 5-10 сынып оқушылары сыймағандықтан 1-4
сыныптары ескі аурухана ғимаратында бөлек 1986
жылға дейін оқыды. 1975-1985ж директоры Бошайбеков Патшабек. 1985-1986ж Тасболатов Кеңес, 1987-1994 ж.ж. Мизамбаев Бақытжан. Мектеп 1994-1995оқу жылынан 11 жылдық білім беруде .1994-2007ж директоры Қадірқұл Шолпан. 2007ж. Үркімбаев Шерәлі, 2007-2008ж Көпешбай Мұрат, 2008
ж. қазан айынан бүгінгі таңға дейін Байжанова Шолпан. Мектеп өте ескі , 640 оқушы үш аусымда оқиды. Ұжымда 112 мұғалім қызмет атқарады,
олардың 35-і І санат, 29-ы ІІ санат және 48-і әр түрлі разрядтағылар. |
|
|
|
|